Дуйсебаева Рысбуби Мамбеталиевна » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
июль
2023

Дуйсебаева Рысбуби Мамбеталиевна

Дуйсебаева Рысбуби Мамбеталиевна – 1968 жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмоновка селосында туылған.

         1975-1985 жылдары Талдыөзек совхозындағы Карл Маркс атындағы орта мектепте оқып, 10-сыныпты бітірді. 1986-1991 жылдары Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқып, «қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, филолог» мамандығын алып шықты.

         1991 жылы қыркүйек айында ұстаздық жолын Алматы қаласындағы №86   Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептен басталды. 

         1995-2000 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2001-2003 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары болды.

         2004-2013 жылдары Қарасай ауданының білім бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

         2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2023 жылдың қаңтар айына дейін Қаскелең қаласындағы Н.Әлімқұлов атындағы орта мектептің мектеп директоры лауазымын атқарды. 

         Ұстаздық еңбек жолында өз мамандығын жетік меңгерген маман 2010 жылы «Арман-ПВ» баспасынан жарық көрген жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Қазақ тілінде әдістемелік құралының,   2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС баспасынан басылып шыққан «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту ізденісі» әдістемелік құралының авторы.

         Дуйсебаева Рысбуби Мамбеталиевна – жас өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін төмендегідей марапаттарға ие болды. 

  • 1996 жылы Алматы облысы, Қаскелең аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;
  • 1999 жылы Алматы облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы;
  • 2000 жылы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының Алғыс хаты;
  • 2001 жылы Алматы облысы, Қарасай аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;
  • 2004 жылы Алматы облысы білім департаментінің Құрмет грамотасы;
  • 2005 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты;
  • 2008 жылы Қарасай ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;
  • 2009 жылы Қарасай ауданының «Ағартушы» кәсіподағының Құрмет грамотасы;
  • 2010 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
  • 2011 жылы Қарасай ауданы әкімінің «Алғыс хаты»;
  • 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медальі;
  • 2011 жылы «Ұлы Отан соғысы ардагерлері ұйымдарының Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің «Батыр шапағаты» медальі;
  • 2013 жылы Алматы облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы;
  • 2014 жылы Республикалық қазақ радиосының «Алғыс хаты»;
  • 2015 жылы «Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің «Ұлы жеңіске 70 жыл» мерекелік медальі;
  • 2017 жылы Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасы»;
  • 2018 жылы Алматы облысы кәсіподағының Алғыс хаты;
  • 2018 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ «Алғыс хаты»;
  • 2019 жылы «Қазақстанның Ұлағатты ұстазы» төсбелгісі;
  • 2020 жылы «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісі.
  • 2021 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру «Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша біліктілікті арттыру институты» бекіткен «Көшбасшы» оқу – әдістемелік орталығынан шыққан «Зияткер» 5-6 сыныптарға арналған элективті курс бағдарламасының авторы.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қ.Сатбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры. 

    Дуйсебаева Рысбуби Мамбеталиевна - өз мамандығын жоғары дәрежеде меңгерген, қажырлы, тынымсыз еңбегімен, өзіне тән жеке қасиеттерімен әріптестеріне, жастарға үлгі бола білген жан-жақты ұлағатты ұстаз. Еліміздің болашағы жас өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы еңбегі орасан зор. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив