«Мен және менің полициям» акциясы » "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2018

«Мен және менің полициям» акциясы

Алматы облысы, Қарасай ауданы «Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәртіптік құқық бұзушылыққа байланысты 28 қараша күні «Мен және менің полициям» акциясы болып өтті. Акция барысында Қарасай ауданы прокурорының көмекшісі Базарбаев Ермек және жастар ресурстар орталығының кеңесшісі Садуова Жарқынай Қадырхановна, психология орталығының директоры Букаева Шайзат, ішкі істер бөлімі ЮПТ-ның бастығы, полиция капитаны Садыков Айдос қатысты. Садыков Айдос және Букаева Шайзат құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтың алдын алу мәдениетін соның ішінде сыбайластық жемқорлық қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы баяндады. Аталған акцияға ҚАПБ ЮПТ қызметкерлерімен бірге бірлесіп кәмелетке жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, видеоролик көрсетілді.
Шара барысында зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстап,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Мемлекет қоғамнан құралғандықтан, қоғамның әр мүшесі мемлекеттің дамуына өзінің үлесін қосуы қажет. Сондықтан да мемлекеттің болашағы мен ертеңі жалынды жастар болғандықтан, жастардың арасында тәртіп бұзушылықтардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткізілген шараның маңыздылығына басқосу спикерлері тоқталып өтті. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей тәрбие бар жерде білімнің болатыны сөзсіз.
Акция соңында оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алып, мамандардың кеңестерін тыңдады. Шара қонақтары мектеп директорын және тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілерге алғыс хат берді. Ұйымдастырушылар осындай маңызы зор шаралардың алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.
«Мен және менің полициям» акциясы
«Мен және менің полициям» акциясы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив