Board of Trustees » "Municipal public institution Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі" Department of Education of Almaty region
Municipal public institution
Secondary school Kanysh Satbaev
"Department of Education in Karasai district"
Department of Education of Almaty region
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
02
January
2019

Board of Trustees

Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп директоры
Қорлан Дәуітханқызы Тұрсынованың
қамқоршылық кеңес алдында берген есебі


Құрметті мектебіміздің қамқоршылық кеңесі!

2018-2019 оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға
есеп беруге рұқсат етіңіздер!

Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп 1985 жылы қолданысқа берілген. Сыйымдылығы -1176 орын. Жыл басында оқушы саны -2043. 1-4-сыныпта 985; 5-9-сыныпта-909; 10-11 сыныпта-150. Мектепалды даярлықта -175. Барлығы -2215 бала білім алуда.
Мұғалім саны-114. Оның ішінде жоғары білімді -110. Арнаулы орта-4.
Мектепте жоғары жылдамдықта 33 компьютер интернетке қосылған. Екі жабдықталған компьютер кабинеті бар.6 проектормен жабдықталған сынып бар. Кітапхана қорында 23000 кітап бар. Оқулықтар жеткілікті.
Білім сапасы 42 % дан 57% көтерілді
UNT 63 тен -84,7 орта балл
Мектептің мақсаты заманауи талапқа сай білімді, рухани-адамгершілік құндылығы жоғары, үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты , бәсекеге қабілетті тұлға оқытып, тәрбиелеу.
Елбасымыз Н. Назарбаев «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру-бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде... ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолынды»,-дей келе жастардың болашаққа сенімді, мұғалімдердің жаңашыл болуын міндеттеген болатын. Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп ұжымы да осы міндетті біркісідей атқарып жүр. Мектеп жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық.
Жыл сайын дәстүрге айналған жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте белгіленген мерзімде мектеп әкімшілігі
мен сынып жетекшілердің жіті дайындалуымен жоғары деңгейде
ұйымдастырылып, өтті.
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру;
Баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру; Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіруді көздеген ата-аналар жиналысы алдыға қойған мақсатына жету үшін «Еркін микрофон» әдісі арқылы ашық сұқбат ұйымдастырылды.
Баланың басты ұстазы-ата-ана. Ой-санасы дамыған, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбие мәселелері мектепті де, ата-ананы да әрқашан толғандырып келеді. Бүгінгі таңда балалардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болуы үшін жаңартылған бағдарлама елімізде жаппай енгізілуде. Осы орайда ата-аналармен ашық сұқбатта : Жаңартылған білім беру бағдарламасынан біз не күтеміз?
Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалім тәжірибесі қалай өзгереді? Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ата-ананың рөлі қалай өзгеруі керек?-деген сұрақтарға бірлесе жауап іздедік.
Неліктен жаңартылған білім беру бағдарламасы мектепке енгізілді?
Оның басты себебі, жаһандық өркениет туындады, бәсекелестік жаһандық сипатқа ие болды, талантты адамдарға әлемдік сұраныс артты.
Біліктілігі жоқ еңбекке сұраныс азая түсуде. Қазіргі сандық коммуникациялар өте қарапайым, тіпті 2 жасқа дейінгі әрбір үшінші бала да мобильдік құрылғыларды қолдана алады. Білім деңгейі жоғары болған сайын, экономикалық көрсеткіш те жоғары болмақ.
Бұл мақсатта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша мемлекет саясатын қолдауда мектебімізде қандай іс-шаралар атқарылды?
Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте 114 мұғалім қызмет етсе, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 100 мұғалім біліктілігін арттырды
Деңгейлік бағдарламалар аясында курстан өткен мектептің мұғалімдері бірлесе мектептің дамуы жолында іс-әректті үйлестіре шығармашылықпен жұмыс істеуде.
Қазан айында ауданымызда ұйымдастырылып, өткізілген «Табысты басшы» байқауына қатысып, жүлделі 3 орынға ие болдым. Байқауда мектепте атқарып жатқан жұмысыма есеп беріп, болашақта табысты мектептің қабырғасын қалау үшін атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көрсетуге тырыстым.
Үстіміздегі жылы білікті мамандардың қатысуымен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша облыстық, республикалық деңгейде іс-шаралар өткізілді. Олар:
1."Lesson Study- мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін арттыру тәсілі” тақырыбы бойынша республикалық семинар.
2. “Lesson Study-сапаны арттыру құралы” тақырыбы бойынша облыстық форум (мектеп директоры шеберлік сынып өткізді )
3. Lesson Study әдісін жүзеге асыруға байланысты атқарылған бірнеше цикл бойынша тәжірибе жинақталып, БАҚ беттеріне ұсынылды.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алған оқушының бойынан келесі қасиеттерді байқауға болады:
Жауапты болуды, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуді;
Шығармашыл болуды, сыни тұрғы дан ойлай білуді;
Коммуникативті болуды;
Мәдениет пен пікірлерге сыйластық танытуды;
Достық ниетте және қамқоршы болуды;
Өмір бойы оқуға дайын болуды үйренеді.
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді.
Жаңартылған білім беру мазмұнын оқыту процесіне енгізу кезеңіндегі ата-аналар рөлі қандай болмақ?
1.Ата-аналардың балаларының оқуына жауапты болуы;
2.Жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығын назарға алуы;
3.Мектеппен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатуы;
4.Балаларының өмірде өз орнын табуына қолдау көрсетуі;
5.Мектеп өмірінің қиындықтарын мұғалімдермен бірге шешуге атсалысуы;
6.Цифрлы технологияның маңыздылығын терең түсінуі;
7.Балаларының оқуға деген ішкі уәжін оятуға көмек көрсетуі маңызды.
Болашақта егемен еліміздің еңсесі биік, қадамы қарышты болуы үшін
терең білімді, өз Отанын шексіз сүйетін жастар ғана бар белесті бағындырары сөзсіз. Ол үшін әрбір ұстаз білімді, іскер, адамгершілігі мол, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Бұл істе ата-ана да өз үлесін қосып, мектепке бет бұрып, бірлесіп, ынтымақтастық педагогикасын орнатса, алынбайтын қамал жоқ .
2018 - 2019 оқу жылының тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес төмендегідей іс – шаралар өткізілді. Қыркүйек айында «Денсаулық» фестивалі өткізіліп, 9 – 11 сынып оқушылар арасында қол күрес, арқан тартыс, 6-8 сыныптар арасында дала жарысы сияқты спорттық жарыстар жүргізілсе, бастауыш сыныптарда «Әке, шешем және мен» атты отбасылық жарыстар ұйымдастырылды. 1 қазан қарттар күніне орай ««Қарттарым – асыл қазынам» атты іс – шара жоспарына сәйкес, 9 б сынып жетекшісі М.Керімқұл оқушыларымен бірге мектебімізде сантехник қызметін атқарған А.Ступичевпен жолдасы еден жуушы Надежда Ивановнаның үйіне барып, ауласын тазартып, қыстық отындарын жарып, колғабыс жасап қайтты. Сонымен қатар ұстаздар күніне орай «Ұстаз ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өткізілді.
19 – 30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндіктің іс – шара жоспары құрылып, бекітілді.
Жоспарға сәйкес 2018 жылдың 21 қарашасында «Шанс» психологиялық көмек көрсету орталығының заңгері Қыдырбаева , психологы Жаманқұлова Сания Мұратжановна, Қарасай аудандық «Салауатты өмір салтын сақтау» орталығының бас дәрігері Тажденова Дана Бектұрғановна және Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторлары Шайх Альфия Ринатовна мен Даркенбаева Маржан Дәулеткелдиевнаның қатысуымен , 9 г сынып жетекшісі Дүйсембиева Тынысай Қабдолдаевнаның ұйымдастырумен «Мы выбираем жизнь» тақырыбында презентация жобасы өткізілді. 22 қарашада мектеп психологтары А.Фолмер «Школьный этикет. Права и обязанности учеников» тақырыбында 9-11 сынып қыздарына жиналыс өткізсе, А.Сейтқазиева 23 қарашада «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында қыздар жиналысын өткізді. Сонымен қатар , психологтар 3-5 сыныптар, 7- 11 сыныптар арасында «Сен өз құқығыңды білесің ба?» тақырыбында сауалнама алып, балалардың құқықтық сауаттылығы анықталды. Мектептің балалардың құқығын қорғау инспекторы, тарих пәнінің мұғалімі Д.Беделбаева 28 қарашада 8 сынып оқушыларымен «Подростковая преступность. Причины и последствие» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысып, оқушыларға қажетті мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар онкүндікті қорытындылау мақсатында 29 қарашада 1-11 сыныптарда «Бала құқығы – адам құқығы» сынып сағаты өткізілді.
24 – 27 желтоқсан аралығында 1-8 сыныптарға арналған жаңа жылдық шырша өткізілді. 10 а,в сынып оқушылары ,сынып жетекшілері А.Муфтулина мен Э.Қоңырбаеваның ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа жыл», «Здраствуй Новогодник праздник» тақырыбында бастауыш сыныптарға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізді.
Teachers мен оқушылардың жетістіктері:
1Жанат Еркежен-Республикалық «Ақ көгершін» фестивалінің бас жүлдегері

2Жолдаспек Айсұлу-Тұңғыш The president Елбасы қорының биология және география пәні бойынша олимпиадасының жеңімпазы
3Даниярбек Жанерке- Жас ақындар мүшайрасында 1 орын алды
4Насыр Ерсін-жас мамандар слетінде 2 орынға ие болды
5Бағыбаев Жасұлан –жас мамандар слетіне 1 орынға иа болды
6Махамадиева Мадина-Республикалық қолөнер байқауында гран приге ие болды
7Омарова Ләззат -«Дарын»Кіші Ғылым академиясында 1 орын
8Абдешева Айгүл--«Дарын»Кіші Ғылым академиясында 2 орын
9Дүйсембекова Тынысай-«Дарын»Кіші Ғылым академиясында 3 орын
10Сұлтанбекова Талшын-« Математика пәнінің үздің мұғалімі» байқауында 3 орын
11Бокбаева Гүлдана- «Зерде» республикалық байқауында 2 орын




Қамқоршылар мектебіміздің тірегі

-Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасынан шыққан балаларға мектеп формасын, оқу кұрал-жабдықтарын алып беру дәстүрге айналған. Сонымен қатар мектептің қажеттілігіне байланысты көмегін аяMayтын жаны жоMarch жандардың есімдерін атап, ол кісілерге алғысымды білдіргім келеді:
1. Байжанов Жанат Серікбайұлы-жеке кәсіпкер
2. Байжанова Зейникамал Қаржымбайқызы-«Ақ ана» сауықтыру орталығының президенті
3. Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы-Алматы облысының газ шаруашылығы Ассоциациясының төрағасы
4. Срымов Жандос Абаевич-жеке кәсіпкер
5. Ташенов Ринат –«Түркістан» мешітінің бас имамы
6. Жанәділ Орынбай Басарұлы-ата-ана
7. Карл Бекдаулет-ата-ана
Мектебімізде қыркүйек айында «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аталған акцияға мектеп ұжымы түгелімен бірауыздан атсалысты. Әлеуметтік жағдайы төмен, жетім , жартылай жетім оқушыларға мектеп тарапынан бірталай көмек көрсетілді .Атап айтатын болсақ мектеп формасы, аяқ-киім, сумка, мектепке қажетті құралдар берілді. Осының өзі аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар үшін әжептеуір көмек болды.
23-қараша күні «Қарасай ауданының білім бөлімі» ММ-не қарасты қамқоршылық және қорғаншылық органының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» атты үлкен іс-шара өтті. Бұл іс-шараға мектебімізден 7 жетім бала және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 1оқушы қатысты. Іс-шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар берілді.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан 2018 жылғы 163 спецификасы бойынша 512,134 тенге қаражат бөлінген. Осы аталған сомаға жетім,жартылай жетім, аз қамтылған балаларға сұраныс берілді. Атап айтатын болсақ 20 мектеп формасы, 20 қыстық етік қыз балаларға, 20 қыстық етік ұл балаларға , 40 қыстық курткаға сұраныс берілді. 69 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Қарасай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген әкім шыршасына мектебімізден Қожахметов Мадиярмен ,Камалов Тимур қатысып арнайы сыйлықтарын алды. Сонымен қатар қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен өткізілген жаңа-жылдық іс-шараға да мектебімізден аз қамтылған отбасы және үйден оқитын 3 оқушы қатысып арнайы сыйлықтарын алып келді.
Сөзімнің соңында мектептің дамып, өскелең ұрпақтың білімін шыңдау жолында жоспарланған жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табады дегім келеді.
Баршаңызды келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
Назар қойып, тыңдағандарыңызға көп рахмет!


Board of Trusteesінің отырысының
ХАТТАМАСЫ
28.12.2018 жыл Қаскелең қаласы
Шақырылғандар:
Board of Trusteesінің мүшелері-9 адам
Қатысқандар:
ата-аналар мен ұстаздар-25 адам

КҮН ТӘРТІБІ
1.Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп директоры Қорлан Дәуітханқызы Тұрсынованың жартыжылдыққа атқарған жұмысына есеп беруі

ТЫҢДАЛДЫ:

1.Қ. Тұрсынова-мектеп директоры, сөз алып 2018-2019 оқу жылының 1-жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебін берді.
Өз сөзінде: « 2018-2019 оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға есеп беруге рұқсат етіңіздер!
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп 1985 жылы қолданысқа берілген. Сыйымдылығы -1176 орын. Жыл басында оқушы саны -2043. 1-4-сыныпта 985; 5-9-сыныпта-909; 10-11 сыныпта-150. Мектепалды даярлықта -175. Барлығы -2215 бала білім алуда.
Мұғалім саны-114. Оның ішінде жоғары білімді -110. Арнаулы орта-4.
Мектепте жоғары жылдамдықта 33 компьютер интернетке қосылған. Екі жабдықталған компьютер кабинеті бар.6 проектормен жабдықталған сынып бар. Кітапхана қорында 23000 кітап бар. Оқулықтар жеткілікті.
Білім сапасы 42 % дан 57% көтерілді
UNT 63 тен -84,7 орта балл
Елбасымыз Н. Назарбаев «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру-бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде... ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолынды»,-дей келе жастардың болашаққа сенімді, мұғалімдердің жаңашыл болуын міндеттеген болатын. Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп ұжымы да осы міндетті біркісідей атқарып жүр. Мектеп жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық.
Жыл сайын дәстүрге айналған жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте белгіленген мерзімде мектеп әкімшілігі
мен сынып жетекшілердің жіті дайындалуымен жоғары деңгейде
ұйымдастырылып, өтті.
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру;
Баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру; Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіруді көздеген ата-аналар жиналысы алдыға қойған мақсатына жету үшін «Еркін микрофон» әдісі арқылы ашық сұқбат ұйымдастырылды.

2018 - 2019 оқу жылының тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес төмендегідей іс – шаралар өткізілді. Қыркүйек айында «Денсаулық» фестивалі өткізіліп, 9 – 11 сынып оқушылар арасында қол күрес, арқан тартыс, 6-8 сыныптар арасында дала жарысы сияқты спорттық жарыстар жүргізілсе, бастауыш сыныптарда «Әке, шешем және мен» атты отбасылық жарыстар ұйымдастырылды. 1 қазан қарттар күніне орай ««Қарттарым – асыл қазынам» атты іс – шара жоспарына сәйкес, 9 б сынып жетекшісі М.Керімқұл оқушыларымен бірге мектебімізде сантехник қызметін атқарған А.Ступичевпен жолдасы еден жуушы Надежда Ивановнаның үйіне барып, ауласын тазартып, қыстық отындарын жарып, колғабыс жасап қайтты. Сонымен қатар ұстаздар күніне орай «Ұстаз ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өткізілді.
19 – 30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндіктің іс – шара жоспары құрылып, бекітілді.
Жоспарға сәйкес 2018 жылдың 21 қарашасында «Шанс» психологиялық көмек көрсету орталығының заңгері Қыдырбаева , психологы Жаманқұлова Сания Мұратжановна, Қарасай аудандық «Салауатты өмір салтын сақтау» орталығының бас дәрігері Тажденова Дана Бектұрғановна және Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторлары Шайх Альфия Ринатовна мен Даркенбаева Маржан Дәулеткелдиевнаның қатысуымен , 9 г сынып жетекшісі Дүйсембиева Тынысай Қабдолдаевнаның ұйымдастырумен «Мы выбираем жизнь» тақырыбында презентация жобасы өткізілді. 22 қарашада мектеп психологтары А.Фолмер «Школьный этикет. Права и обязанности учеников» тақырыбында 9-11 сынып қыздарына жиналыс өткізсе, А.Сейтқазиева 23 қарашада «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында қыздар жиналысын өткізді. Сонымен қатар , психологтар 3-5 сыныптар, 7- 11 сыныптар арасында «Сен өз құқығыңды білесің ба?» тақырыбында сауалнама алып, балалардың құқықтық сауаттылығы анықталды. Мектептің балалардың құқығын қорғау инспекторы, тарих пәнінің мұғалімі Д.Беделбаева 28 қарашада 8 сынып оқушыларымен «Подростковая преступность. Причины и последствие» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысып, оқушыларға қажетті мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар онкүндікті қорытындылау мақсатында 29 қарашада 1-11 сыныптарда «Бала құқығы – адам құқығы» сынып сағаты өткізілді.
24 – 27 желтоқсан аралығында 1-8 сыныптарға арналған жаңа жылдық шырша өткізілді. 10 а,в сынып оқушылары ,сынып жетекшілері А.Муфтулина мен Э.Қоңырбаеваның ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа жыл», «Здраствуй Новогодник праздник» тақырыбында бастауыш сыныптарға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізді.
-Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасынан шыққан балаларға мектеп формасын, оқу кұрал-жабдықтарын алып беру дәстүрге айналған. Сонымен қатар мектептің қажеттілігіне байланысты көмегін аяMayтын жаны жоMarch жандардың есімдерін атап, ол кісілерге алғысымды білдіргім келеді:
1. Байжанов Жанат Серікбайұлы-жеке кәсіпкер
2. Байжанова Зейникамал Қаржымбайқызы-«Ақ ана» сауықтыру орталығының президенті
3. Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы-Алматы облысының газ шаруашылығы Ассоциациясының төрағасы
4. Срымов Жандос Абаевич-жеке кәсіпкер
5. Ташенов Ринат –«Түркістан» мешітінің бас имамы
6. Жанәділ Орынбай Басарұлы-ата-ана
7. Карл Бекдаулет-ата-ана
Мектебімізде қыркүйек айында «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аталған акцияға мектеп ұжымы түгелімен бірауыздан атсалысты. Әлеуметтік жағдайы төмен, жетім , жартылай жетім оқушыларға мектеп тарапынан бірталай көмек көрсетілді .Атап айтатын болсақ мектеп формасы, аяқ-киім, сумка, мектепке қажетті құралдар берілді. Осының өзі аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар үшін әжептеуір көмек болды.
23-қараша күні «Қарасай ауданының білім бөлімі» ММ-не қарасты қамқоршылық және қорғаншылық органының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» атты үлкен іс-шара өтті. Бұл іс-шараға мектебімізден 7 жетім бала және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 1оқушы қатысты. Іс-шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар берілді.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан 2018 жылғы 163 спецификасы бойынша 512,134 тенге қаражат бөлінген. Осы аталған сомаға жетім,жартылай жетім, аз қамтылған балаларға сұраныс берілді. Атап айтатын болсақ 20 мектеп формасы, 20 қыстық етік қыз балаларға, 20 қыстық етік ұл балаларға , 40 қыстық курткаға сұраныс берілді. 69 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Қарасай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген әкім шыршасына мектебімізден Қожахметов Мадиярмен ,Камалов Тимур қатысып арнайы сыйлықтарын алды. Сонымен қатар қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен өткізілген жаңа-жылдық іс-шараға да мектебімізден аз қамтылған отбасы және үйден оқитын 3 оқушы қатысып арнайы сыйлықтарын алып келді.
Сөзімнің соңында мектептің дамып, өскелең ұрпақтың білімін шыңдау жолында жоспарланған жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табады дегім келеді.
Баршаңызды келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
Назар қойып, тыңдағандарыңызға көп рахмет»-деді.

ШЕШІМІ:

Мектеп директорының есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.


Жиналыс төрағасы З. Байжанова

Хатшы: Ш. Қозыбаева



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив