30
November
2018
«Мен және менің полициям» акциясы
Алматы облысы, Қарасай ауданы «Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі» Department of Education of Almaty regionнде тәртіптік құқық бұзушылыққа байланысты 28 қараша күні «Мен және менің полициям» акциясы болып өтті. Акция барысында Қарасай ауданы прокурорының көмекшісі Базарбаев Ермек және жастар ресурстар орталығының кеңесшісі Садуова Жарқынай Қадырхановна, психология орталығының директоры Букаева Шайзат, ішкі істер бөлімі ЮПТ-ның бастығы, полиция капитаны Садыков Айдос қатысты. Садыков Айдос және Букаева Шайзат құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтың алдын алу мәдениетін соның ішінде сыбайластық жемқорлық қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы баяндады. Аталған акцияға ҚАПБ ЮПТ қызметкерлерімен бірге бірлесіп кәмелетке жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, видеоролик көрсетілді.
Шара барысында зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстап,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Мемлекет қоғамнан құралғандықтан, қоғамның әр мүшесі мемлекеттің дамуына өзінің үлесін қосуы қажет. Сондықтан да мемлекеттің болашағы мен ертеңі жалынды жастар болғандықтан, жастардың арасында тәртіп бұзушылықтардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткізілген шараның маңыздылығына басқосу спикерлері тоқталып өтті. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей тәрбие бар жерде білімнің болатыны сөзсіз.
Акция соңында оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алып, мамандардың кеңестерін тыңдады. Шара қонақтары мектеп директорын және тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілерге алғыс хат берді. Ұйымдастырушылар осындай маңызы зор шаралардың алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.